- 1
- 2
- 3
- 4
25 ақпан 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан өңірі, Шымкент шахарында мәдениет сарайында 500 адамның қатысуымен «Лак-лайфпен болашаққа» атты семинар өтті. Семинардың мақсаты халықты «Лак-лайф» компаниясының керемет өнімдері және табыс көздерімен таныстыру болды және шығыс-тибет медицинасы мен батыс медицинасының айырмашылықтары салыстырмалы түрде айтылды. Семинарды «Лак-лайф» компаниясының изумруд статусындағы бизнес-жетекшісі Мырзакулова Улбала Ағыбайқызы жүргізді. Ал, шығыс-тибет медицинасы мен батыс медицинасының айырмашылықтары жөнінде екі медицинаны қатар алып жүрген, 50 жыл өмірін батыс медицинасына арнаған дәрігер-невропатолог , қытай медицинасы бойынша мануалист массажист, тамыр арқылы ағзаны тексеру маманы Ургеншибаев Сламбек Оспанулы өз білімімен бөлісті. Бірнеше жылдан бері Қытай медицинасы саласында жұмыс жасап жүрген, Лак-лайф компаниясының жетістікке жеткен бірнеше лидерлері, айта кетсек, изумруд дәрежесіндегі партнерлар, Тараза қаласынан келген Талстихина Елена, Шымкент қаласынан Байдильдаева Хализа, Алдиярова Злиха, Қалшораева Нағималар өнімдер жөнінде жақсы ақпараттар берді.
Компания өнімдерін пайдаланып, нәтижесін көрген адамдар сахнаға шығып, өздерінің ризашылықтарын айтып, өздерінің таныс-тамырларына жеткізгендіктерін айтты. Сонымен бірге, халыққа компанияның тарихы және адам ағзасына пайдалы дәрумендер, адам ағзасына зиян келтіретін паразиттер жөнінде видео-роликтер көрсетілді. Бұл фильмдер жиналған халықтың көзқарастарын өзгертті. 3 сағатқа созылған жиынның тартымды болғандығы соншалықты, өз партнерларымыздың арасынан биші де, әнші де шығып, өз өнерлерін көрсетіп, халықтың көңіл-күйін көтерді. Мысалы үшін, Алматыдан келген қонақ партнер Зәурехан, изумруд дәрежесіндегі Рыспанбетова Ақсәуле, Тағай Бекжандар өз өнерлерін көрсетті.
Семинардың соңғы бөлімінде, алтын алмаз дәрежесіндегі біздің жоғарғы спонсорымыз Алматыдан келген қонағымыз Асембаева Надира ханым өз жетістіктерімен бөлісе отырып, халыққа қалай табыс табу керек екендігін айтты.
Семинарды қорытындылаған А 24-офисінің директоры, осы семинарды ұйымдастырған күміс-алмаз статусындағы бизнес-жетекші Шульбаева Гульнар халыққа компанияның беретін сыйлықтарының өте көп екендігін айтып, сол жерде көптеген сыйлықтар таратылды. Халықтың риза болғандығы соншалықты сол жерде 50ден астам адам компаниямен конракт жасады.